29 ТАМЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БҰҰ ВЕНАДАҒЫ БӨЛІМШЕСІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ТУРАЛЫ

29 тамызда Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шарт ұйымымен (ЯСЖТШҰ) бірлесе отырып, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күніне арналған салтанатты іс-шара болып өткізді.

Іс-шарағаБҰҰ мүше мемлекеттерінің Елшілер мен Тұрақты өкілдері, БҰҰ Венадағыбөлімшесініңжәне халықаралық ұйымдарының өкілдері, ЯСЖТШҰ Даярлық комиссиясы «Б» жұмыс тобының 49-шы сессиясының делегаттары, сондай-ақ Вена халықаралық орталығыныңқызметкерлері мен келушілеріқатысты.

Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі ұйымдастыруыменСемей сынақ алаңының қызметі және оны 1991 жылғы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен жабылғаны туралы көрмесі орналастырылды, Семей қаласының балалар суреттері, сондай-ақ «АТОМ» Жобасының Құрметті ЕлшісіКәрібек Құйықовтың суреттердің репродукциялары ұсынылды. Іс-шараға жиналғандарға «АТОМ» Жобасының онлайн-петициясына өз қолын қоюға мүмкіншілік берілді.

Іс-шара қонақтардың аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы ЛассинаЗербо арасындағы 2017 жылғы 29 тамызда жасалған бірлескен мәлімдемесінің, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериштің, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күніне арналған жолдауының мәтіндері таратылған болатын.

29 тамыз, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Семей сынақ алаңының жабылу күні, еліміздің бастамашылығымен2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күні болып жарияланды.