Инсбрук қаласында Қазақстан Құрметті консулдығының ашылуы туралы

Ү.ж. 12 қарашада Инсбрук қаласында Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Тироль федералды жерінде қызмет көрсететін Құрметті консулдығы ашылды. Ашылу салтанатына жергілікті үкімет мүшелері, өңірдің іскерлері, мәдениет қайраткерлері, консулдар мен БАҚ өкілдеріқатысты.

Толық оқу

Форарльберг федералды жеріне жұмыс сапары

Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Қ.Сарыбай ү.ж. 6 қазанында Аустрия Республикасының Форарльберг федералды жеріне жасаған жұмыс сапар барысында жергілікті саяси, іскер және БАҚ өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.
Кездесулер аясында Елшіаустриялық тарапты Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы "Үшінші жаңғырту-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі", "Қазақстан-2050" стратегиясы, қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде елімізді одан әрі даму жоспарымен таныстырды.Сондай-ақ, елімізге технология мен инвестицияны тарту, өңіраралық, соның ішінде Маңғыстау облысы мен Форарльберг федералды жері арасындағы байланыстарды әрі қарай дамыту туралы баяндады.

Толық оқу

«Қазақстанның Венадағы Тұрақты Өкілі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамаларын жүзеге асыруына Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының Дайындық комиссиясының қорытынды отырысы барысында шақырды»

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты (ЯСЖТШ) ұйымының Дайындық комиссиясының 49-отырысы 2017 жылғы 13-15 қараша аралығында Венада өтуде. Аталған отырысқа ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбайдың басқаруымен қазақстандық делегация қатысуда.

Толық оқу

Қазақстандық делегациясы «Жаһандық инвестициялық бәсекеге жарамдылық» атты форумына қатысты

Ү.ж. 25-27 қазанда Вена қ. Дүниежүзілік банкінің ұйымдастыруымен «Жаһандық инвестициялық бәсекеге жарамдылық» атты форумы өткізілді. Іс-шараға ҚР Инвестициялар және даму министрі Е.Хаировтың бастауымен қазақстандық делегациясы қатысты.
Сапар барысында вице-министр Е.Хаиров БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының (БҰҰ ӨДҰ) директордың орынбасары Ф.Хайдарамен кездесіп, ҚР мен БҰҰ ӨДҰ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Олардың ішінде «Өнеркәсіптік жаңғырту және Қазақстан кәсіпорындарының бәсекелестігі» және «Қазақстанның стандарттарын, метрологиясын, сынақтарын және инфрақұрылым сапасын нығайту арқылы сауда әлеуетін өсіру» бірлескен жобалары, сондай-ақ Қазақстанда БҰҰ ӨДҰ Инвестициялар және технологияларды тарту офисін ашу мәселелері көтерілді.

Толық оқу

ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысы туралы

Ү.ж. 19 қазанда Венада ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті К.Муттоненнің, Еуразия Экономикалық Комиссиясының (ЕЭК) төрағасы Т.Саргсянның және ЕҚЫҰ Қауіпсіздік, Экономика және экология және Адами өлшем жөніндегі комитет төрағаларының баяндамалары қарастырылды.
"Photo by OSCE/Ghada Hazim"

ЕЭК Төрағасы тұңғыш рет ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңес мүшелерінің алдында жасаған баяндамасын Еуразиялық интеграцияның іргесін қалаушы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев болғанын атап өтумен бастады. Комиссия төрағасы қатысушыларға Еуразия Экономикалық Одағының (ЕЭО) қызметімен басымдықтары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды және осы күнге дейін ұйым шеңберінде жүзеге асырылған жұмысын атап өтті.Ұйымның Жібек Жолы экономикалық белдеуі аясындағы ынтымақтастығы менекі жобаның сауда-экономикалық қатынастарда бір-бірін толықтырғанын жеткізді.Сонымен бірге, қазіргі таңдағы комиссияның біріккен энергетика және қаржы нарығын құру бойынша жұмысына назар аударды және Еуропа Одағы елдерімен аталған салада ынтымақтастық орнатуға шақырды. Т.Саргсян ЕЭО-ның ЕҚЫҰ-мен де ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі болғанын мәлімдеді.

Толық оқу

ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта өлшемінде міндеттерді орындау бойынша жыл сайынғы жиналысы туралы

Ү.ж. 16-17 қазанда Венада ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта өлшемінде міндеттерді орындау бойынша жыл сайынғы жиналысы. Іс-шараның сессиялары барысында үкімет, жеке сектор, азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшыларқоршаған орта тәуекелдерін азайту, су мәселелерінде үздік тәжірибелердің орындалуын қадағалау, қоршаған орта мәселелеріне қатысты қоғамның білімін арттыру, энергетика тиімділігі мен жаңармалы энергетика, қоршаған орта саласында сыбайлас жемқорлықпен күрес және жақсы басқару және БҰҰ Тұрақты Даму Мақсаттарын талқылады.

Толық оқу

Линц қаласында ҚР Құрметті консулдықтың ашылуы туралы

Ү.ж. 29 қыркүйегінде Линц қаласында Жоғарғы Аустрия федералды жерінде қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының ашылу салатанаты өтті. Оның ашылу рәсіміне жергілікті үкімет және парламент мүшелері, өңірдің іскер және мәдени ортасының, консулдық корпустың, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай жаңа Құрметті консул Фридрих Флоймайрге консулдық патентті және Қазақстан Республикасының туын табыс етіп, қазақстан-аустриялық ынтымақтастықты кеңейту жолында сәттіліктер тіледі. Қазақстандық дипломат Павлодар облысы мен Жоғарғы Аустрия арасындағы орнатылған әріптестіктің зор мүмкіншіліктеріне назар аударды. Осыған орай ол аустриялық тарапты өзара әрекеттердің әртүрлі салаларындағы әлеуетті барынша белсенді дамытуға шақырды.

Толық оқу

Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Қ.Сарыбай аустриялық федералдық Каринтия жерінде сапармен болды

Ү.ж. 28-29 қыркүйегінде Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қ.Сарыбай аустриялық федералдық Каринтия жерінде жұмыс сапармен болды. Сапар ҚР-ның Каринтиядағы құрметті консулы П.Зандриссердің қолдауымен ұйымдастырылды.
Сапар шеңберінде жер Парламентінің Президенті Р.Рормен, жер Үкіметінің мүшесі Р.Холубпен, жетекші өнеркәсіптік компаниялардың, сондай-ақ Филлах қаласының бірқатар білім мекемелерінің өкілдерімен кездесулер өткізілді.
Кездесулер барысында аустриялық тарап ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы, конституциялық реформалар, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберіндегі еліміздің келешек даму жоспарлары туралы ақпараттандырылды. Өңіраралық ынтымақтастықты оданәрі дамыту мақсатында былтырғы жылы қол қойылған Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия федералдық жері арасындағы Меморандумды жүзеге асыру бойынша бағыттар мен нақты жобалар талқыланды. Бұл бағыттағы Қазақстанның Каринтиядағы құрметті консулының қызметі үлкен қолдау көрсетіп отырылғаны атап өтілді.

Толық оқу

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі Бас конференциясының 61-сессиясы туралы

2017 жылғы 18 қыркүйекте Вена қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) Бас конференциясының 61-сессиясы басталды.
Бас конференциясының жұмысына ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация қатысып отыр. Оның құрамына ҚР Сыртқы істер, Энергетика министрліктері, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, Ұлттық ядролық орталығы және т.б. мекемелердің өкілдері кірді.
Өз баяндамасында Қазақстан делегациясының басшысы ҚР Президенті Н.Назарбаев ү.ж. 29 тамызда Астанада өткен АЭХА Төмен байытылған уран банкінің ашылу рәсімінде ұсынған жаһандық бастамаларға назар аударып, конференция қатысушыларын еліміз ядролық таратпау режимін күшейтуге қосқан үлесі, сондай-ақ ҚР мен АЭХА арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастығының ахуалы және перспективалары туралы хабардар етті.

Толық оқу

«ЕҚЫҰ аумағында тұрақтылық үшін экономиканы жасылдандыру және серіктестік құру» тақырыбына арналған 25-ші ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумы туралы

Ү.ж. 6-8 қыркүйекте Прага қаласында Чехия Сыртқы істер министрлігінде «ЕҚЫҰ аумағында тұрақтылық үшін экономиканы жасылдандыру және серіктестік құру» тақырыбына арналған 25-ші ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумы өтті.
Форум күн тәртібі ү.ж. 23-24 қаңтарда Венада және 15-16 маусымда Астанада болған дайындық жиналыстарының негізінде ұйымдастырылды және ісшара барысында үкімет, жекеменшік сектор, азаматтық қоғам өкілдерімен қатар халықаралық сарапшылар қоршаған орта тәуекелдерін азайту мен қоршаған орта саласында жақсы басқаруды жетілдіру, ресурс тиімділігін арттыру, жаңармалы қуат көздері арқылы энергетикалық қауіпсіздікке үлес қосу, экономиканы жасылдандыру, экономикалық ынтымақтастық пен өзара жалғастықты ілгерілету мәселелері мен биыл Венада жоспарланған ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлер кеңесінде экономика және экология тақырыптарына арналған шешім қабылдау мәселесі қарастырылды.

Толық оқу