Консулдық әрекеттер Стандарттар Регламенттер

 

 

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Мереке күндеріне орай Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігінің консулдық бөлімі 2017 жылдың 30 тамызында және 1 қыркүйекте жұмыс істемейді.

 

Консулдық іс-шаралар

(мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары

мен регламенттерін қараңыз)

 

1. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу»;

2. «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі»;

3.  «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу»;

4. «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»;

5. «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту»;

6. «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу»;

7. «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру»;

8.    «Консулдық заңдастыру»;

9. «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру»;

10. «Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру»;

11. «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңiз наразылығы туралы акт жасау»;

12. «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу»;

13. «Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау».

 

Назар аударыңыз: 2008 жылы 10 желтоқсандағы № 99-IV
ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Салық кодексінің 7 пункті, 554 бабының, 2 параграфына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды.

Осыған байланысты, ҚР-ның Австриядағы Елшілігі банк шоттарына әр түрлі консулдық әрекеттер үшін қаражат төлер алдында, консулдық алымдардың көлемі мен банктік шоттарға қатысты керекті ақпаратты ұқыптап оқуды сұраймыз.

Қателікпен аударылған және артық төленген консулдық алымдарды қайтару туралы өтініштер және де осы сұраққа қатысты талаптар қарастырылмайды.

 

Елшіліктің есеп шоты:
Bank
 Austria, K/n 00660496811; BLZ 12000; 

Botschaft der Republik Kasachstan

IBAN  AT341200000660496811, BIC- BKAUATWW

Елшіліктің мекен жайы:

Prinz-Eugen-Strasse 32,

1040 Wien

Тел. +43 (1) 890 8008 14/35

E-Mail: consul@kazakhstan.at

Сенім тел. +43 1890800822

Қиын-қыстау жағдайда:+43 1890800837, +43 676 33 55 281 (ұялы)

Қабылдау уақыты: 9: 30 - 12:00

Дүйсенбі, Сейсенбі, Бейсенбі, Жұма - күндері

 

Мемлекеттік қызметтің стандарттары
1. ҚР паспортына құжаттарды қабылдау және жазба енгізу
2. ҚР азаматтығынан шығу
3. ҚР азаматтарын есепке алу
4. АХАТ актілерін тіркеу
5. ҚР визаларын беру
6. ҚР балаларын есепке алу
7. ҚР қызметтік паспортын беру
8. Консулдық заңдастыру
9. Кемені шетелде сатып алу
10. Декларацияны куәландыру
11. Теңiз наразылығы туралы акт жасау
12. ҚР-на келуге шақыруды ресімдеу
13. Тұрғылықты тұруға құжаттар

Мемлекеттік қызметтің регламенттері
1 Регл.Паспорт ресімдеуге құжаттарды қабылдау
2 Регл.ҚР азаматтығынан шыгу
3 Регл.ҚР азаматтарын есепке алу
4 Регл.АХАЖ сұрақтары
5 Регл.ҚР визасын ресімдеу
6 Регл.ҚР балаларын есепке кою
7 Регл.ҚР қызмет паспортын ресімдеу
8 Регл.Консулдык зандастыру
9 Регл.ҚР-на Кеме сатып алу
10 Регл.Декларация жасау
11 Регл.Кеме апатында акт жасау
12 Регл.ҚР-ға шакыруды ресимдеу
13 Регл. Тұрғылықты тұруға құжат