Елшінің Блогы

 

Қ. Сарыбайдың

Алғы сөзі

Толық оқу

 

Ү.ж. 8 шілдеде Венада ЕҚЫҰ Аустрия төрағалығы ұйымға қатысушы 57 мүше елдері, ЕҚЫҰ Хатшылығы мен институттарының қызметкерлері арасында жағажай волейболынан турнир ұйымдастырды.

Ү.ж. 8 шілдеде Венада ЕҚЫҰ Аустрия төрағалығы ұйымға қатысушы 57 мүше елдері, ЕҚЫҰ Хатшылығы мен институттарының қызметкерлері арасында жағажай волейболынан турнир ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігінің «Астана қырандары» командасы алғашқы рет ЕҚЫҰ турнирінің жүлделі 3-ші орынына ие болды.

Қазақстан құрама командасының бұл жеңісі “Астана күні” мен “Қазақстан дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына арналады”.

Толық оқу

"Тұрақты даму, қауіпсіздік және тұрақтылық үшін экономиканы жасылдандыру" тақырыбына арналған 25-ші ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумына екінші дайындық жиналысы туралы

Ү.ж. 15-16 маусымда Назарбаев университетінде «Тұрақты даму, қауіпсіздік және тұрақтылық үшін экономиканы жасылдандыру» тақырыбына арналған 25-ші ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумына екінші дайындық жиналысы Астанада өтті. Іс-шараның басталуы ЭКСПО-ның Халықаралық ұйымдар плазасында ЕҚЫҰ стендінің ашылуымен орайластырылды.
Екінші дайындық жиналысының сессиялары барысында үкімет, жеке сектор, азаматтық қоғам өкілдерімен қатар халықаралық сарапшылар ресурс тиімдігін арттыру, экономиканы жасылдандыру, жаңармалы энергетика арқылы энергетикалық қауіпсіздікке үлес қосу, қоршаған орта тәуекелдерін азайту мен қоршаған орта саласында жақсы басқаруды жетілдіру мәселелерін талқылады.

Толық оқу

«Қазақстан Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Гаага тәртіп кодексіндегі төрағалығын Польшаға тапсырды»

Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай 2017 жылғы 6-7 маусымда Венада өткен Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Гаага тәртіп кодексінің (бұдан әрі - Гаага тәртіп кодексі немесе ГТК) 16-шы кезекті отырыс барысында ГТК төрағалығын Польшаның өкіліне тапсырды.

Гаага тәртіп кодексі баллистикалық зымырандардың таратуын болдырмау мақсатында әзірленген адал ниетті ережелер жинағы негізінде мемлекеттердің бейресми бірлестігі болып табылады. Кодекс мемлекеттер арасындағы сенім шараларды көздеп, олар жыл сайын баллистикалық зымырандар мен әуе-ғарыш тасығыш зымырандар саласындағы бағдарламалары туралы декларацияларды ұсынуы тиіс.

Толық оқу

ҚР Энергетика министрі ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы екінші Министрлік кездесуіне қатысты

2017 ж. 25-26 мамырда ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев бастауымен ҚР делегациясы ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы екінші Министрлік кездесуіне қатысты.

ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттердің бірлескен отырыс барысында дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақтануға бағытталған бірлескен шараларды талқылады, сондай-ақ 2016 ж. 10 желтоқсанда ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы алғашқы Министрлік кездесуде қол қойылған мұнай өндіріс көлемін төмендету бойынша Келісімнің мерзімдерін ұзартуға қол жеткізілді.

Толық оқу

«Ванкуверден Владивостокқа дейін ортақ экономикалық аумақ: Өзара жалғастық, сауда және интеграция» атты жоғары деңгейлі ЕҚЫҰ Академиялық конференциясы туралы

ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай ү.ж. 15-16 мамырда Аустрияның өнеркәсіп астанасы Линц қаласында ЕҚЫҰ Аустрия төрағалығының ұйымдастыруымен «Ванкуверден Владивостокқа дейін ортақ экономикалық аумақ: Өзара жалғастық, сауда және интеграция» атты жоғары деңгейлі ЕҚЫҰ Академиялық конференциясына қатысты.

Конференция барысында танымал академия, халықаралық компаниялардың өкілдері мен саясаткерлер Еуразияда экономика ынтымақтастығы, өзара байланыстық пен сауданы ілгерілету мәселелерін талқылады

Толық оқу

Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Толық оқу

100 нақты қадам

ҰЛТ ЖОСПАРЫ - БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША100 НАҚТЫ ҚАДАМ

Толық оқу

Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ. 2014 ЖЫЛҒЫ 11 ҚАРАША

Толық оқу

Қазақстан жолы – 2050

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ. 2014 ЖЫЛҒЫ 17 ҚАҢТАР

Толық оқу
Demo

Photo
Gallery

View more
Demo

Explore
KAZAKHSTAN

View more
  • 01
  • 02
  • 03_1
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08_1
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 17_01
  • 18_01
  • 19
  • 1_1
  • 20
  • 21
  • 25_KZ
  • cropped-unsc-logo
  • kasa

Embassy of the Republic of Kazakhstan

Permanent Mission of the Republic of Kazakhstan to the International
Organizations in Vienna

Address

Prinz-Eugen-Straße 32
1040, Vienna
Austria

Contact Us

Phone: +43 (1) 890 80 08 10
Fax: +43 (1) 890 80 08 20

Consular Section

Phone: +43 (1) 890 80 08 35 / 14
Monday, Tuesday, Thursday, Friday
9.30 - 12.00